31.05.2022
148

Қас - қағым, жаңа ғана таң атқан - ды
Қас - қағым, жаңа ғана таң атқан - ды,
Артыңда тəулікке тең Сағат қалды,
Із-тозсыз Күн жоғалды күйбеңменен,
Ай қалды желе-жортып, имеңдеген.
Жыл қалды ғасырға тең, қасыретті,
Жұқ болмай жұмырыңа Ғасыр өтті.
Өмірің түк бітірмей тынғандай -ақ,
Көзіңді ашып қана жұмғандай - ақ.