31.05.2022
132
Депсің -ау: «Сені аңсадым»...
Депсің-ау: «Сені аңсадым»,
Таң болдым алып хатыңды.
Қалтырамай саусағың,
Қалай жаздың атымды?!
Расың ба, ойның ба,
Тағы да салған шарғың-ау.
Сайқал күлкің - мойнымда,
Сыңғыр-сыңғыр қарғыбау.
Қалай ғана «аңсадың»
Талақ еткен атымды.
Қалтырамай саусағым,
Отқа жақтым хатыңды.