31.05.2022
  148


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Қасыңнан да көңіліңді суытпа

Қасыңнан да көңіліңді суытпа,
Достық ізде, сырлас, мұңдас, жуықта.
Бар: шипалық қасиеті
у шөптің,
Жəне де бар: əсем гүлі-ұмытпа!
Есте қалмай жүз реткі ұшпағың,
Ұмытылмас көрген жалғыз қыспағың.
Мың досыңа бірден ғана келсе де,
Көп көрінер дұшпаның.





Пікір жазу