31.05.2022
126
Күдік
Күдіктенем, күдікшіл демес пе екен,
Кеш біліп қап уайым жемес пе екем:
Төрт аяғы тең жорға деп жүргенім,
Əшейін бір шалдуар емес пе екен.
Сағымданған шың ба екен, белес пе екен,
Біле алмадым шын ба екен, елес пе екен.
«Арып-талып асармын»- деп жүргенім,
Əшейін бір белегір емес пе екен.
«Құлақ салар осы да кеңес пе екен,
Ақын деген жоқты айтад»- демес пе екен.
Əйтседағы осы бір күдік деген,
Ақиқатқа барар жол емес пе екен?!