31.05.2022
  133


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Тоқшылықта

Тоқшылықта,
Қадірсіз боп, қирап жатса бал құйылған кеселер,
Жоқшылықта,
Қара суды балдай көрген, бабам, өзің кеше гөр!
Терлеп тегі,
Көрместен-ақ, ерте жатып тұрар болсам кеш егер,
Тербеп мені,
Түн ұйқысын онға бөлген, анам, өзің кеше гөр!
Кешіріңдер!
Тоқшылықта жоқшылықтың тұзы барын көрейін,
Кішілікте ұлылықтың ізі барын көрейін,
Қайта айналып тəубеме бір келейін





Пікір жазу