31.05.2022
  124


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Баға беріп сыртынан, жүрміз бе əлде бас ұрып

Баға беріп сыртынан, жүрміз бе əлде бас ұрып,
Биіктікті қөре алмай, аласаны асырып.
Бір көргенде құмартып, шаңжұқтырмас «періштең»
Шайтан болып шығады, екі айналып көріссең.
Бір көргенде - қуаныш, қайта айналсаң - уайым,
Қуыршақ боп шығады, əлгі көрген «құдайың».
Қолдағы асыл қадірсіз, айырбастап жасыққа,
Белгісізді тəңір деп табынуға асықпа.
Жалтақтаумен өзгеге шындық деген жүр семіп,
Өзіңе де бір сүйін, өзіңе де бір сеніп.





Пікір жазу