31.05.2022
  125


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Достарға

Өзімді өзім түсінбей,
Елегізіп жүрегім.
Қайнаған адам ішінде,
Жалғызсырап жүремін.
Береке болмай ісімде,
Самарқау тартып реңім.
Жайнаған шаттық ішінде,
Жабырқап кейде жүремін.
Қайранда сол бір кездерім,
Құлазып өтер арманда.
Жайраңдап жүрер өздерің,
Жанымда болмай қалғанда.





Пікір жазу