31.05.2022
134

Қою түннің қонағы
Қою түннің қонағы,
Қалғып кетті Ай көкте.
Қар түйірі қонады,
Қалықтап кеп əйнекке.
Құйын ойнақ салады,
Жел жағадан жармасып.
Сілкіп-сілкіп қалады,
Ақ қыраулы тал басын.
Жүрегінен малынып,
Ақ махаббат, ақ қарға.
Сөндіре алмай жалынын,
Ғашықтар жүр бақтарда...