31.05.2022
148
Алматы құшағы
Жыр бейнесін шаттық кернеп үн басып,
Жасыл орман шөгіп жатыр жымдасып.
Тамсана кеп мойнын созып Алатау,
Тас төбеде қатып қапты Күн – ғашық.
Құшағында құлаш жайған қаулай бақ,
Еркелегің келеді бір аунай қап,
Асан атам аңырап кеп іздеген,
Па, шіркін – ай, жер ұйықтан аумайды – ақ!
Қандай жарқын үлкен – кіші шат бəрі,
Қандай сұлу парктері, бақтары.
Еңбек соққан тұлғасында тұр əне,
Бабалардың саусағының таптары.
Шалқи басып, билеп бойды мың ұшпақ,
Жүріп келем маңдайыма күн ұстап.
Жүріп келем бойлап əсем көшені,
Алматы боп, Алатау боп тыныстап.