31.05.2022
  93


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Асау

...Сары қымыз жіберген бе желіктіріп,
Қарттар да жан таласад көріп тұрып.
Шыңғырып тағы асау, қырылдайды,
Алқымын қылқындырып берік құрық.
«Мықты ұста, жөнеледі жұлаттағы»,- -Деседі тұс-тұсынан шулап та-ғы.
Сыбанған зор денелі қара жігіт,
Шіркінді, тұқырта кеп құлақтады.
Қарашы тағылықтың сұстысына!
Дегендей шыңғырады; «күшті сына»,
Ер салып, ептілікпен мінді жігіт,
Балалар қашып жатыр тұс-тұсына...
...Аспанға асау тіп-тік шаншылады,
Сазды жер табанында жаншылады.
Сауырын жел сипаған қамшы тіліп,
Қара тер өн бойынан тамшылады.
Езуі қанды көбік алас ұрып,
Басымен екі жағын таласа ұрып.
Жөнелді кесіп төсті құлап жатқан,
Барады иттер дағы жал асырып..





Пікір жазу