31.05.2022
  157


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

«Ахау, Семей...»

«Ахау, Семей...» салшы əніңе, серігім...
Айхай, байтақ: даласы-дəн, төрі-гүл.
Айналайын, атам қазақ қонысы,
Айналайын, Абай, Мұхтар жері-бұл!
Сар төсінен тарам-тарам жол асып,
Жатыр сұлап ырысты өлке қолы ашық.
Ата-бабам махаббаты көмілген,
Анау тұрған Қозы - Баян моласы.
Көтерілді көкшіл түтін көлеңдеп,
Сұлу Семей, Абай жазған өлеңдей.
Мұнаралар мойнын соза қарайды,
«Ассалаумағалейкүм» дегендей.
Құшағыңды аш, шаңқан қала, көк қала,
Абайыма сəлем беріп, тоқталам...
Ақ қайыңның ар жағынан үңілген,
Тоғжан қыздың сіңлісі ме деп қалам?! «Ахау, Семей...» əн сап келед серігім...
Айхай, байтақ: даласы - дəн, төрі - гүл!
Айналайын, атам қазақ қонысы,
Айналайын, Абай, Мұхтар жері - бұл!





Пікір жазу