31.05.2022
136
Бірге кешіп балалықтың бұлағын
Бірге кешіп балалықтың бұлағын,
Бір шырқап ек өмірдің де гүл-əнін.
Батар айдай тас төбемнен жырақтап,
Бара жатқан сені қимай жыладым.
Көңілімді шая-шая, жыл-ағын,
Сен біреудің құшағында құладың.
Қайтқан қаздың қарап тұрып соңына,
Сол күні бір ағыл-тегіл жыладым.