31.05.2022
  128


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Жабырқап мен

Көк жиектен көлбей-көлбей күн қайтып,
Əсем кеште бұлбұл əнін тыңдайтын.
Бақтағы айдың боз сəулесі астында,
Отырсың сен наз сырыңды кімге айтып,
Бұл əлемнің бақыттысы тыңдайтын.
Күлкі бақта тасығанда, күй қызып,
Бозша талды сабағынан игізіп,
Гүл қауызды ерініңнен бал беріп,
Жүрсің бе əлде сүймес жаңға сүйгізіп.
Ақ қайыңды ақ төсінен игізіп...
Жалғыздықтың жалбыр бұлтын жамылып,
Мен отырмын сені ойлап жабығып.





Пікір жазу