БƏС
Болса да əман iсi –
шала-шарпы,
Жүрмейдi айтыспаса
бала халқы.
Далада бiр топ бала –
қызыл танау,
Бастаған бiр егестi
жаңа қалпы.
Шығарып бiр газеттi
қалтасынан,
Ашып ап қос қолымен
ортасынан,
«Шығам, – деп соны оқып», –
Батай айтты,
Жатып ап тырп етпей
шалқасынан.
Батайдың құлақ салып
жарлығына,
Кеттi ғой екiленiп,
Барлығы да.
«Болып па сол да өнер».
Десiп жатыр,
Бұлары iштерiнiң
Тарлығы да.
«Ол деген қиын емес
аса тiптi,
Мен де оны оқимын», – деп
қасарысты;
Ашқарақ қой, əуелi,
Тамақ iшiп,
Соңынан жуынатын
Сасан мықты...
«Несi бар соған сонша
таласатын», –
Деп қалды бiреу тұрып –
Жарас аты;
Шыққанда кемпiрқосақ
ұстаймын деп,
Бiр күндей тауда өзi едi
адасатын...
Егеске екiленiп
қызып алған,
Айтыстан алабұртып
Жүзi жанған
Бiр шетте:
«Ол оңай», – деп,
Тоқан да тұр;
Қауын деп асқабақты
үзiп алған...
Сасан да қияңқы ғой,
Шатақ анық,
Қалардай дəл осыдан
атақ алып.
Дедi ме көзi жетсiн
тұрған топтың,
Газеттi ол оқып жатыр
жата қалып.
Батайың iшiн басып
күлсiн келiп,
Оның бiз мұнысына
түсiнбедiк,
Бəрiн де көл басына
ертiп келдi,
Дедi ме мықты екенiн
бiлсiн көрiп.
Газеттi алып шығып
қалтасынан,
Ашты да қос қолымен
ортасынан,
Дауыстап оқып шықты
көл бетiнде
Балықша жүзiп жүрiп
шалқасынан.
Бiлместен сенбесiн де,
Сенерiн де,
Бар бала көлдiң тұрып
кемерiнде,
Егестен ұтып шыққан
разы боп,
Қол соқты Батайдың бұл
өнерiне...
Бұл күнi барлық бала
көл жанында,
Бəрiнiң бiр-бiр газет
қолдарында.
Жатып ап су бетiнде
газет оқу,
Үйрену осы өнердi
ойларында.