АНТ БЕРЕ АЛМАДЫ
Не қызықтың өзiн бiр
Балалықта кешпедiк.
Айтатыным осы бiр
Ойда қалған естелiк...
Барлығымыз «қу» дейтiн.
Ағып тұрған «су» дейтiн.
Жəудiр бiзге əлгiде
Айтқан едi əңгiме.
– Алматыда, – деген ол
Алма деген молшылық.
Кетiп жатыр келген ел,
Етектерiн толтырып.
Алма деген көшеге,
Топ-топ етiп түседi.
Əр күн сайын нешеме
Ел шекесi iседi...
Естiп тұрған бəрiн де,
Түсi Бектiң түксидi:
– Жəудiр айтқан əңгiме,
Өтiрiк, – деп, – шiп-шикi.
– Өтiрiкшi, сен, – дедi
Бiздi алдауың не? – дедi,
Айтқаның кiл өтiрiк, –
Деп қол сiлтеп сенбедi.
– Оңбайын! – дедi.
Сенбедi.
– Оллаһи! – дедi,
Сенбедi.
– Нан жейiн! – дедi,
Сенбедi.
– Ит болайын! – дедi,
Сенбедi.
– Ал сынайын өзiңдi
Шын ба екен көрейiн.
Адамшылық сөзiңдi
Бересiң бе?
– Берейiн.
– Ендеше айтшы,
Сенелiк,
Болсын десең сенiмдi,
Өтiрiк айтты демелiк
Пионерлiк айтшы сөзiңдi!..
– Сендер қалай десең де,
Оған ендi бармаймын.
Пионердiң атынан
Ант бере алмаймын!
Бек деген де қу, мықты,
Тап бастырмай ұзаққа,
Сөйтiп əлгi суқитты
Түсiрдi бiр тұзаққа.