31.05.2022
105
ПАРА
Ұшыраттым Есендi көшеде мен,
Ұйқылы-ояу аяғын санап басқан.
– Қайда кетiп барасың таң атпастан?
–Деген едiм, күңк еттi жаратпастан.
Апам жұмсап жiбердi көршiлерге,
Бiр қайнатым шəй сұрап келшi дей ме.
– Оның жөн-ақ
Ал мына нан кiм үшiн,
Көрер көзге оғаштау, ерсiлеу де.
Қарап қойды ол нанына қолындағы:
– Алып келе жатқам жоқ күлкi үшiн.
Нан бермесең, жүргiзбес жолымдағы,
Бұл көршi үйдiң қабаған итi үшiн.