31.05.2022
  103


Автор: Ескен Елубаев

ШАТЫР

Темiржол бойы бағана,
Сымында көктем құстары.
Жып-жылы қазiр далада,
Дала да үйдей қыстағы.
Шырақ боп мың-сан гүл жанып,
Лапылдай түсiп жон жатыр.
Жапырақ жайған бүр жарып,
Емендер – жасыл қол шатыр.
Көктемнiң бала жаңбыры
Көшеге шықса жүгiрiп.
Астына емен шатырдың
Қаламыз бiздер тығылып.





Пікір жазу