31.05.2022
117
ҚЫЗҒАНЫШ
«Айналайын бала», – деп,
Мақтайды анам Асанды.
«Өзiңдей ғой, қара, – деп, –
Не тiршiлiк жасайды.
Əркiмдер-ақ малына
Асан құсап қарасын.
Күрек ұстап қолына,
Тазалаған қорасын.
Тек ойнамас алысып,
Шаруа жайы бiлгенi.
Апасына болысып,
Суын тасып жүргенi.
Жағымды осы жүрiсi,
Бiр де тыным таппайды»...
Күнде маған үй-iшi
Оны
Кеп-кеп мақтайды!
Оның жасап жүргенi –
Менiң де iстеп жүргенiм.
Сонда, шiркiн,
Бұл менi
Кiм мақтайды, бiлмедiм?!
қызғаныш Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ