31.05.2022
336
![](/uploads/shorttexts/author_image/elubaev.jpg)
КҮЗДЕ
Қайтқан құсты көрдiң бе,
Қаптай ұшқан əуелеп.
Күткен күзiм, келдiң бе,
Сыңсып бағың мəуелеп.
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз!
Бiр уыс дəн шаштық та,
Қап-қап қауын алдық бiз.