30.05.2022
136
О, Ангара, толқының толас ұрар
О, Ангара, толқының толас ұрар,
Анау тұста қабаққа жол асылар.
Кіндік кескен жерінің топырағы,
Бұйырмаған бір жанның моласы бар.
Сол адамның, білдің бе, кім екенін?
...Кез еді-ау бір жимаған түн етегін.
«Елім - айлап» егілсе есіл пенде,
Мұз көкірек Сибирьде дір ететін.
Ертіс түсіп есіне, қайран шынар,
Күрсініспен құшағын жайған шығар,
Сарыарқаның самалын сағынып кеп,
Шөліркеген таңдайын шайған шығар...
Бабам ғой ол, жол іздеп күртіктерден,
«Итжеккенге» айдалған, Үркіт4 келген.
Сирень – гүл.
Үркіт – қазақтар Иркутскіні солай атаған
Əже ақтығын басына кеттім байлап,
Жаулығының ұшынан жыртып берген.