Күту
Қара жолға қарауменен тұрақ таппай,
ас батпай
Тырс еткенге елегізіп жатырсың ба,
қас қақпай.
Терезені шертті-ау деймін,
естисің бе, анашым,
Кештеп келген мен шығармын,
ұлың шығар, қарашы!
...Сыңар мəсі, жаулық қолда, сылдыр-
гүлдір шыққанда:
Қайран əлгі сыбдыр қайда, түн тұр
оқтау жұтқандай?!
Шық тамшы ма... Құлап түскен сұрша
күздің бұлтынан,
Тентек жел ме... Талдың соңғы
жапырағын жұлқыған.
Мазалаған бұл кім,
ə?!
Бір көлеңке барады өтіп, құлағында
ай-сыңғыр,
«Ат қораға түнде үңілген, əдіре қалғыр
қайсың бұл?»
Шаңқан көйлек еніп кетті көршілерге
бұрылып,
Сенің кəрі көкірегің дір етті бір сыр ұғып...
Кер бестіні байқар болса, ат қорадан
қыз өтіп,
Жүрген шығар ол да өзіңдей қара жолды
күзетіп.
Бұлқына алмай бұла сезім құшағында
қалдың ба,
Ұзақ тұрдың жанарың жас, жаурап
есік алдында.
Ақ үмітпен кір үйге, Апа, тербеп қиял
көгілдір,
Тəтті ойға мас боп жатып, таң алдында
көз ілдір!