30.05.2022
  139


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Сағыныш

Қаншама ай кешке келіп, түсте келіп,
Терлеп-тепшіп шайыңды ішпегелі.
Қанша ай, майда ернің тимегелі,
Маңдайымнан иіскеп сүймегелі.
Басым менің ауырып отыр Апа!
Қаншама ай, тəтті ұйқыға батпағалы,
Жастана кеп тізеңді жатпағалы.
Қаншама ай, зар боп мамық саусағыңа,
Сылап-сипар сəтіңді аңсады ма?!
Басым бүгін сырқырап отыр, Апа!
Дерт келген жоқ еш қайдан алып ұшқан
Ауырса, тек ауырар сағыныштан,
Сен болсаң ғой дəл қазір қасымда,
Апа!
Жіберер ең жазып-ақ басымды, Апа!





Пікір жазу