30.05.2022
  164


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Досқа наз

I
Қияс кетсек: сен жүруші ең мені іздеп,
Мен жүруші ем сені іздеп.
Қол басындай дос жүрегі-теңіз деп,
Екеуімізге ел қарайтын егіз деп.
Сен қуансаң, жаным күлкі өбетін,
Сен мұңайсаң, жанарым жас төгетін.
Екеу жүрсек: сөнгеніміз жоқ еді,
Жеңгеніміз, өнгеніміз көп еді,
Екеу едік «сен-меніміз» жоқ еді.
Менің анам құшты сені «қозым» деп,
Сенің анаң сүйді мені «көзім» деп.
Қос ананың тел аймалап анарын,
Қайран сол шақ, алыс қапты-ау сезілмей!...
II
Сен менен жырақ кеттің, жырақ кеттің,
Жаныңа қандай ғана сыр ап кеттің.
Аңқылдап алыс жерден іздеп келіп,
Алдыңнан неге ғана жылап кеттім?!


О, менің егіз досым - жыр өлеңім,
Кеудемді бір ақтарсаң білер едің.
Мен саған қиюшы едім тек жақсыны.
Мен саған еш жамандық тілемедім.
...Амал не кеш сезіндім, ұғынбадым,
Арамыз неден ғана суынғанын.
Жайқалған дос шыңында қос шынар ек,
Осы ма дауыл тұрмай жығылғаның!...





Пікір жазу