30.05.2022
152
Жауқазындар
Көңіліңді жабырқатса тыныш бақ,
Жүгіре шық белес қуып тыныстап.
Жауқазындар жаутаң қағып тұрады,
Көктеменің күміс шығын уыстап.
О, кербездік! Гүл білегін сермесіп,
Жерде туып, жерден нəр ап, жерде өсіп.
Күн - серіге сүйгізеді еркелеп,
Ашып қауыз-пердесін...
Көктем-бикеш көк көрпесін өтектеп,
Көтеріліп келе жатыр етектен.
Жауқазындар алып шықты асқарға,
Сұлулықты жетектеп.