meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  30.05.2022
  172


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Күз

Сұрғылт тартқан айнала атырабы,
Сағыныштар сазына батырады.
Жүріп келем табанымның астында,
Сытырлайды үйеңкі жапырағы.
Сары алтындар жауып тұр, қызық анық!
Жел ойнайды, жұлмалап үзіп алып.
...Күздер, күздер жылжып бір өтіп жатыр.
Əжім болып маңдайда ізі қалып...





Пікір жазу