30.05.2022
  124


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Құммен сусап құлағанда құмығып

Құммен сусап құлағанда құмығып,
Демеп жібер,
Əшейінде молшылығың не керек.
Шыңнан тайып жатқанымда жығылып,
Жебеп жібер,
Əшейінде елшілігің не керек.
Ерлігіңді таршылықта көрейін,
Байлығыңды жаршылықта көрейін.
Иығыма күш түскенде көрейін,
Басыма бір іс түскенде көрейін.
Досым болсаң сүйемелдеп алып қал,
Қасым болсаң қасқая кеп шалып қал,
Бұлаң құйрық, арзан күлкі ағайын,
Таныр болсаң, кезеңінде танып қал!





Пікір жазу