30.05.2022
130
Сен бе едің???
Дала боп жатайын көсіле,
Киік боп ойнашы төсіме.
Бал тамған ерніңнен сүйейін,
Самал боп есіле.
Əлемнің бар жарық нұр айын,
Күнім бол, өзіңнен сұрайын.
Үзіп ап, құшақтап қайтшы бір,
Гүл болып тұрайын.
Көл болып жатайын тулаған,
Аруым, жүзіңді жу маған.
Шабыт бер жанымды шалқыта,
Жырым боп тумаған...
Ақ айдын көңіліңді аптаған,
Ақтаршы сырыңды сақтаған.
Арманым сен бе едің іздеген,
Жан-жарым сен бе едің таппаған?!