Мен...
Бұл өмірден кенжемін деп айталман,
Менде де бар бай талғам.
Күш жігерім – Қобда болып арындап,
Бақ берекем – Тұлба болып шайқалған.
Алып-ұшып, алға тартып жас арман,
Қайта туып жасағам.
Көркемдігім – көзді тартар Бұлғын боп,
Қайсарлығым – Бесбоғда боп қасарған.
Талай таңды айқаспенен атырдым,
Ез емеспін, батырмын.
Бүгінгі күн қан төгілген сол жерге,
Өмір үшін гүл өсіріп жатырмын.
Достасу ма? Билеп бойды күш алған,
Шын ашылып құшағым:
Ақ шағала арманың боп ұшамын,
Алтын айдай жан жарың боп құшамын.
Қастасу ма! Жүрегіңе қақ тұрып,
Адамдықты лақтырып.
Қас қанжармын, күтпе менен жақсылық,
Сол жүректі қолыңа берем қақ тіліп.
«Жауыздыққа мынау əділ»– ісің де,
Қан ішер деп түсінбе.
Бейбітшілік бейнесі бар күшімде,
Жарық əлем, бақытты өмір үшін де!
Жалпақ басып мынау атом ғаламын,
Сыбағамды аламын.
Ақ арманды ат қып мініп зымырап,
Ақша бұлтпен араласып барамын.