30.05.2022
191
Ақын болғым келеді
Шөлдегенге көл болып,
Толқып жатқым келеді.
Шексіз-шетсіз ел болып,
Шалқып жатқым келеді.
Адасқанның жолында,
Күн боп тұрғым келеді,
Ғашықтардың қолында,
Гүл боп тұрғым келеді.
Сан жүректер сырына,
Жақын болғым келеді,
Қанат беріп жырыма,
Ақын болғым келеді!