30.05.2022
124
Кек тасқындап, кеудеге мұң батқан шақ
Кек тасқындап, кеудеге мұң батқан шақ,
Қас жауларын жайпап өткен аттан сап.
Жығылғанда қан жамыла қайысып,
Ұрпақ үшін келер күнді жатты аңсап.
Болса да өзі «көн етікті пұсырман»
Ақ арманы қара бұлтты ысырған.
Кейінгіге ер рухым қалсын деп,
Зеңгір көкке бейбіт құсын ұшырған.
Қанын төгіп сол бір ауыр жыл үшін,
Бабам менің қорғап қалған ұлысын.
Дала төсін ат тұяғы қытықтап,
Шауып өтті ол кекке қайрап қылышын.