30.05.2022
  134


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Бабам менің

Ашпын деп отырмаған текке налып,
Қолына айыр,соқа-кетпен алып.
Бересін қара жердің тартып алған,
Япырай, бабаларым неткен алып.
Күштіге-күшсізбін деп жасымаған.
Күшсізге-күштімін деп тасымаған,
Көтерген қатал өмір тағдырларын,
Япырай, бабам неткен асыл адам.
Кетсе де дос сүрініп, қас ақталып,
Жау болып аттанбапты жасақтанып.
Көндіріп парасатпен адамзатты,
Игілік талай істі жасапты алып.
Ашқанда дүние атты бір есікті,
Озбырлық үстемдікпен тіресіпті.
Өмірден езу тартпай өтсе де өзі,
Мені күлсін, шаттансын деп күресіпті.





Пікір жазу