30.05.2022
217
Ауыл таңы
Қылаң тартты шығыс жақ,
Түн түнегі түріліп.
Құстар сайрап дыбыстап,
Қайнады сан тіршілік.
Таң самалы өмірден,
Түн ұйқысын жасқады.
Көкшіл түтін өңірден,
Көтеріле бастады.
Нұрға толып жер үсті,
Күннің жауып шапағы.
Ертемен мал өрісті,
Беттеп бара жатады.
Жырға толып жер үсті,
Таң да осылай атады.
Ертемен ел əр істі,
Бастай істеп жатады.