30.05.2022
231
Қызғалдақ теріп жүрмісің?
Әрдайым сені ойлаумен жүремін мен,
Бір әуен бұлқынады жүрегімнен.
Аялап мені сағыныш сазы,
Келемін іздеп, қайдасың, жаным?
Қайырмасы:
Асыл айым,
Айналайын,
Аймалайын өзіңді.
Қайдасың сен,
Сағындым мен,
Сағындым ғой нұр жүзіңді.
Қыр гүлі боялғанда жалын нұрға,
Аяулым, айтшы, мені сағындың ба?
Жанарың тұнып бір сұлу сырға,
Қызғалдақ теріп жүрмісің қырда.
Қайырмасы.
Жанарың мөлдіреген теңіздейін,
Жан гүлім, жасыл бағым, сені іздеймін.
Жас дәурен жыры – махаббат әнін,
Арнадым саған, тыңдашы, жаным.
Қайырмасы.