30.05.2022
  307


Автор: Марат Нұрқалиев

Сөйле, менің домбырам

Сөйле, сөйле күмбірлеген домбырам,
Аталардан қалған асыл мол мұрам!
Шежіредей ақтаршы бip сырыңды,
Жырға қосшы көсілген кең қырыңды.
Күңіренген күйін тартшы бабамның,
Мұңға толы жырын айтшы даламның
Кең даланы мекен еткен ерлерден
Ұрпақ болып қалған мен де адаммын.
Сөйлей берші, сөйлей берші, домбырам,
Ақтаршы алтын тарихтың беттерін
Қалмақтардың жорығынан ен далам,
Айтшы, қалай қанға батып кеткенін.
Қанша найза айқасты бұл жапанда,
Қанша қылыш қақтығыста күйреді?!
Қанша садақ тартылыпты аспанға,
Қанша жебе қара жерді түйреді!
Қаншама гүл жайнап еді жерінде?
Қанша бұлбұл сайрап еді төріңде?
Көкті кернеп кетсін мүлде ширақ үн,
Күйін тартшы Құрманғазы, Динаның.
Әрбір пернең – куәсі сан ғасырдың,
Әр дыбысың – мен үшін ең асыл үн
Сөйле, сөйле, шерт сырыңды, домбырам,
Қос ішегіңде қандай жұмбақ жасырдың.





Пікір жазу