meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  30.05.2022
  352


Автор: Марат Нұрқалиев

Қобыз

Үнінде шері бардай,
назы бардай,
Жүйкені шымырлатқан
сазы қандай.
Бір уыс тостағандай
шанағына
Тарихтың талай сыры
жазылғандай.
Қобыз бен домбыраның
арнасы бір,
Әуені сан ғасырдан
жалғасып жүр.
Аққудың сымбатынан
аумайтұғын
Сызылтып, қыл қобызым,
сарнашы бір!





Пікір жазу