30.05.2022
171
Көңілдің кейбір сәттері
Көңілдің кейбір сәттері
Көтеріп көкке аттанған.
Дәуірдің киіз дәптері
Оқылған, яки жатталған.
Құшағын ашар тоғайлар,
Жаныңды тербер жағалар.
Көкейде жүрген көп ойлар,
Көмескі тартар, жоғалар.
Жап-жалпақ мынау дүние
Жүрекке сыйып түп-түгел,
Бәріне сен би, сен ие,
Табылмас сенен мықты дер.
Аялап Ана-Табиғат,
Қайырылмас қанат бітеді.
«Айдайға» салып айғайлап,
Ән салғың кеп кетеді!