30.05.2022
  140


Автор: Марат Нұрқалиев

Аэропорт

Бір аттам самғау қиясы,
Ақ қанат құстан ұясы –
Аэропорт, аэровокзалдар,
Самала аппақ ақ залдар.
Аэропорт бүккен сыр қанша,
Сол сырды айтар тіл болса,
Жан бітсе залға, перронға,
Сондай бір ғажап күн болса!
Сезіне білсең, сезіне,
Ден қойсаң әрбір кезіне,
Көрінер түстей ғажайып,
Елестеп өтер көзіңе:
Сағыныш сазын салғандар,
Төзімді сарқып болғандар,
Сарыла күткен, қауышқан,
Құшаққа гүл алғандар.
Жанарға жас алғандар,
Қоштасып, қимай қалғандар,
Жап-жалпақ мынау жалғанда
Жападан-жалғыз қалғандар.





Пікір жазу