30.05.2022
106
Іңкәрлік
Өмір жайлы, өзің жайлы болғаны,
Оңашада кейде отырсам толғанып.
Бір мұңды әуен ағытылар кеудемнен,
Сағыныштың нәзік қылы қозғалып.
Қашан көрем, қашан жетем өзіңе,
Үңілемін қашан тұнық көзіңе?
Алып ұшқан іңкәр жүрек аңсайды,
Кінә қойма жабырқаған көңілге.
Демесем де: «сағыныштан шаршадым»,
Жүрек сызған өтті арада қанша күн.
Қозы – Баян осы күні жоқ дейді,
Мен өзіңді неге сонша аңсадым?!