30.05.2022
  132


Автор: Марат Нұрқалиев

Руставели ескерткіші

Суреттерден белгілі ерек пішін,
Бірден таныр көрсе егер үлкен-кішің,
Тбилисидің орталық көшесінде
Шота Руставелидің ескерткіші.
Өткір, ойлы жанары толған ұшқын,
Белгісі бар жүзінде толғаныстың...
Грузиннің жырлады ол Ер Тарғынын
Жамылғы еткен терісін жолбарыстың!
Тұғырда отыр біп-биік, қолда – қалам,
Көкжиекке көз салған, көңілі алаң...
«Он екінші ғасырдың Гомері» деп,
Ұлы ақынға сүйсінген бүкіл ғалам.





Пікір жазу