30.05.2022
  102


Автор: Марат Нұрқалиев

Сакартвели

Картвелдер Қап тауында
Қайыспай от-дауылда
Сан ғасыр жасап келед,
Лайық мақтауыма;
Өрлігі тауларындай,
Жүзі өткір қанжарындай.
Және де жомарт халық
Мәуелі бауларындай.
Грузиндер – жарқын жандар,
Достыққа талпынғандар.
Бағында шат күледі
Өзіндей балдырғандар
Сызылтып ән салады,
Көргендер тамсанады.
– Қымбаттым, қош келдің! – деп,
Қуана қарсы алады.





Пікір жазу