30.05.2022
139
ҚАРАП ТҰРСАМ ӨЗIМ
Ауламыздың iшi
Қызыққандай кiсi:
Былтырғыдай биыл
Бұзаулады сиыр,
Құлындады бие,
Боталады түйе,
Жұмыртқалап тауық,
Қойлар қозы тауып,
Лақтап тұр ешкi...
Ауламызда қарасаң,
Бос жүрген жоқ ешкiм.
Алша ағашта – алша,
Құжынап тұр қанша.
Алма ағашта – алма;
Көк жапырақ – талда;
Қауын салып түйнек,
Бақшамыз тұр гүлдеп.
Шөп шауып жүр атам,
Үй сылап жүр апам...
Қарап тұрса
Көзiм:
Бос жүрген жоқ ешкiм.
Ең ақыры,
Өзiм
Бiр класқа көштiм.
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ бие түйе тауық жануар