30.05.2022
  143


Автор: Ескен Елубаев

БОЛУ ҮШIН КОСМОНАВТ

«Болам десең космонавт,
Қиын өнер ол», – дедi.
Əкем: «Осы бастан-ақ
Есепке алғыр бол», – дедi.
«Болу қиын космонавт, –
Деп, ағам да толғады, –
Шынық осы бастан-ақ,
Спортсмен бол-дағы».
Айтты жəне апам да:
«Жiгерлi бол, оқы көп.
Космонавт шықпас адамнан
Жүрегiнiң оты жоқ».
Айтылғаннан осынша
Мынау менiң түйгенiм:
Болу үшiн космонавт
Жөн екен көп бiлгенiм





Пікір жазу