30.05.2022
154
БАЛА ОЙЫ
Мезгiл келiп жеткенде
Сыбызғылы, сырнайлы,
Күн мейiрiн төккенде,
Бозторғайлар жырлайды.
Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердiң алабы,
Қызғалдаққа көмiлiп,
Көздiң жауын алады.
Жайнап тұрған түз жаққа,
Көзiм тоймай қараймын.
Əсемдiктiң ұзаққа
Созылуын қалаймын.
Көкейдегi тiлегiм:
Шөбiн шаппай тұрғанда,
Жайып дала кiлемiн,
Салтанатын құрғанда,
Шартараптан келiмдi
Көп кiсiлер келсейшi.
Менiң туған жерiмдi
Осы кезде көрсейшi.
бала ой Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ