30.05.2022
130
Шәмші Қалдаяқовқа
Әндерің әйбат еді бір кезде,
Сезімге жып-жылы бойлаған.
Өзгеріп кетіпсің бұл күнде,
Мен соған түсінбей толғанам.
Қайырмасы:
Тамаша еді әнің жарқын,
Тамсандырған қазақ халқын.
Баяғыдай
Сол әндер қайда мөлдір
Тау бұлағындай?
Қартайып кетті ме сан құрбың,
Ән «тайып» кетті ме, нағылдың?..
Ноқтасын сиқырлы вальстің,
Айтшы, сен қай жерде қалдырдың?
Қайырмасы.