30.05.2022
  108


Автор: Марат Нұрқалиев

Обал болды - ау!

Иегімнің астында қарыс төмен
Сақал емес, өр өзен Арыс деген.
Ағып жатыр екен-ау, шорт побери,
Сен оны атшаптырым алыс деп ең!
Бекер келдім Шымкенттің қаласына,
Қалдым, міне, жыр жазып наласына.
«Әулие су періште етеді» – деп,
Күнәкарлар қаптайды-ау жағасына!..





Пікір жазу