30.05.2022
  144


Автор: Марат Нұрқалиев

Ұнатпаймын

Ұнатпаймын
Айқайлаған, жарқылдаған сөздерді,
Ұнатпаймын
Сырты ғана жарқылдаған көздерді.
Ұнатпаймын
Келмейді еш шыдамым да төзбегім,
Пасық жанға.
Бір басы үшін ұмытатын өзгені.
Еш мақсатсыз
Жүргендер бар жан-жағына қас қылып,
Әлі бірге
Жасап келеді жамандық пен жақсылық.
Кетіретін
Маза шырқын думан толы көңілді,
Ұнатпаймын
Осындай бір көлеңкесін өмірдің.





Пікір жазу