30.05.2022
163
Тойдағы төбелес
Бір жиын-тойда
Бұқаш екеуіміз керісіп калдық.
Сол отырған бойда
Кезек-кезек перісіп қалдық.
Милиция келген кезде
– Азаматтар, қойыңдар! – деп,
Арашалап, бізді айырып жіберді,
Үйді-үйімізге қайырып жіберді.
Бірақ біз тағы да табыстық.
– Өй, әкең! – деп әкіреңдедік,
«Қанға – қан» деп,
«Жанға – жан» деп,
Айқасып жатқанда,
Жұрт тағы да
Шұбап келеді.
Кейбіреуі мас шығар,
Сүрініп-қабынып,
Құлап келеді.
Не керек, сол арада
Бұқаштың шекесін
Шанышқымен ісіріппін,
Онымен қоймай
Жеті атасын
Есіме түсіріппін,
Ақыры түрмеге түсіп шықтым.
Ендігәрі бүйтпеспін деп,
Ант-су ішіп шықтым.