30.05.2022
140

Сыбырлап, жыбырлап
Бодамбай Қанатты
Өзіне қаратты:
– Кеше ауыл сыртында
Жарыстырдық көп атты.
Ермекбайдың боз қасқасы,
Озып шығып, басқасы
Орта жолда қап жатты.
Не керек, боз қасқа
Алдына жан салған жоқ! –
Бірақ Қанат
Бұған таңданған жоқ.
– Біздің үйдің ала мысығы,
Көрші үйдің қара мысығы
Майдан ашты.
Ала мысықтан тайсақтап,
Қара мысық
Тұра қашты...
Сабақ үстінде екеуі
Судай тасиды.
Мұғалім сабақ сұраса,
Желкелерін қасиды.
сыбырлау жыбырлау Марат Нұрқалиев сықақ өлеңдері Марат Нұрқалиев Марат Нұрқалиев өлеңдері сықақ өлеңдер