30.05.2022
144

Оңашада
Оңашада әкесі:
– Айта қойшы, көкешім,
Кімді жақсы көресің?
Папаңды ма,
Апаңды ма? –
Деп баласына сұрақ қояды!
Желкеден түйіп,
Құлақтан бұрап қояды.
Қу бала сені дейді,
Сол үшін кәмпит жейді.
Оңашада шешесі:
– Айналайын, көкешім,
Кімді жақсы көресің?
Мені ме? Әлде әкеңді ме? –
Дегенде,
Бала «сен жақсысың» дейді.
Айналайынның астында қап,
Кәмпиттің ең тәттісін жейді.
Мұндай баланың
Кәмпитке аузы толады,
Ал өскенде
«Кімнің тарысы піссе,
Соның тауығы» болады.