30.05.2022
104
«Көктің тірегі»
Әукен тағы да ішіп келеді,
Екі жұдырығы
Қышып келеді,
Үйіне сүрініп,
Құлап кірді,
«Тамақ жібітетін
Бар ма?» – деп
Сұрап кірді,
– Е, бала бермей
Бәле берген
Құдайдың көзі соқыр, –
Деген сөзбен әкесі
Жаратқанды сыбап отыр.
Ал баласы басы айналып:
– Көкті тіреп тұрған
Менмін! – деді, –
Маған қарсы сөйлейтін
Сен кім? – деді,
Сөйтіп,
Ішіп келген күні
Көкті жалғыз тіреп шығады
Ал бала-шағасы
Тауық қорада түнеп шығады.